Индустрия министрлігі индустрияландырудың екінші бесжылдығын құру жөніндегі арнайы веб-сайтты іске қосуды көздеп отыр - Ә.Исекешев

АСТАНА. 22 тамыз. ҚазАқпарат - Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі ҮИИД мемлекеттік бағдарламасының екінші бесжылдығына дайындалу барысы жайлы қоғамды ақпараттандыратын арнайы сайт құруды қолға алды.

Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев Facebook.com. желісіндегі өзінің ресми парақшасында мәлімдеді

«Қазіргі таңда Facebook-те PFIIR тобының алаңы бар. Сондай-ақ арнайы веб-сайт әзірлену үстінде. Ол жақын арада іске қосылады... Дайындалып жатқан құжаттар топтарға бөлінеді. ҮИИД-2 жөніндегі пікірлерді жұмыс тобы бақылауға алады», - деді вице-премьер.