«Шын мәнінде, Қазақстан аумағында көмір тиелген 1700 бірлік ресей вагондары жоқ. Ресей теміржолында да Қазақстанға бағытталған я болмаса Қазақстаннан шыққан көмірі бар вагондар тіркелмеген. Ресейлік әріптестермен штаттық режимде жұмыс істеп жатырмыз, экспорт пен импорт бойынша ешқандай кідіріс жоқ», – деді ҚР ИИДМ Көлік комитеті теміржол инфрақұрылымы және жүк тасымалы басқармасының басшысы Сәтжан Өзбеков.
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ресейлік транзиттік вагондардың кешігуі туралы жалған ақпаратты – екі ел арасындағы тату көршілік қатынастарды әлсіретіп, беделін түсіруге бағытталған қасақана жасалған іс-әрекет ретінде қарастырады.