деп хабарлайды ҚазАқпарат аталмыш ведомствоның ақпарат басқармасына сілтеме жасап.
Ақпарат басқармасының мәліметінше, Орталық инвесторларды тарту жөніндегі жұмысты жеткіліксіз түрде жүргізеді; нысандарды, мерзімдерді, қаражаттағы қажеттіліктерді көрсете отырып, «Қорғас» ШМЫХО» АҚ-ын пайдалануға берудің қысқартылған нұсқасы бойынша мәселе пысықталмаған; Орталықты одан әрі дамыту, оның ішінде, Қазақстанның Кеден одағына кіруі шеңберінде одан әрі дамыту көрінісі жоқ. «Қорғас» ШМЫХО» АҚ-ның жұмысына қатысты мұндай сындар ҚР Индустрия және сауда министрлігінде өткен кеңесте айтылды.
«Мемлекеттік және аудиторлық ұйымдар анықтаған Орталықтың қызметіндегі жүйелі түрде жол беріліп келген бұзушылықтар отырысты өткізудің басты себебі болды. Осыған байланысты, Министр Ішкі аудит басқармасына мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың талаптарын сақтау мәселелерімен қоса, қаражаттың нысаналы және тиімді пайдаланылуы мәніне қосымша тексеру жүргізуді тапсырды», делінген Ақпарат басқармасының мәліметінде.