Индустрия және сауда министрі «Жыл инженері» атанды

АСТАНА. Мамырдың 6-сы. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгін Астанада «Қазақстандағы инновация: жаңа анықтама және жаңа мүмкіндіктер» тақырыбында өткен дөңгелек үстелде ҚР Индустрия және сауда министрлігі мен ҚР Ұлттық инженерлік академиясы арасында ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат. Дөңгелек үстелге Парламент депутаттары, ғалымдар, мемлекеттік органдардың өкілдері мен өндіріс мамандары қатысты. Сонымен қатар жиын барысында Ұлттық инженерлік академиясы президентінің міндетін атқарушы Амандық Төлешов Индустрия және сауда министрі Владимир Школьникке «Жыл инженері» дипломы мен медалін тапсырды.