Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінде қазақстандық үлес мәселелері жөніндегі заң жобасының таныстырылу рәсімінде Индустрия және сауда вице-министрі Ерхат Есқалиев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның сөзіне қарағанда, бүгінде Қорғаныс министрлігі мен «Қазақстан темір жолы» және өзге де ұлттық компаниялар қолданатын киімдер 100 пайыз қазақстандық өнім емес. Өйткені бұл киімдердің маталары шет мемлекеттерден әкелінген. «Кеңес Одағы кезінде мұндай киімдердің арнайы стандарттары болған. Осыған орай қазір «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының өкілдері елде тігілетін киімдердің ішкі стандарттарын белгілеуге кірісті. Бұл шара «Қазақстанды киіндіреміз» атты акция аясында өзге де компаниялармен бірлесе отырып іске асырылады», деді вице-министр.