Ардақ Ермағамбетұлы Досанов 1980 жылы Қарағанды облысында туған, Л.Гумилев атындағы Еуразиялық мемлекеттік университетті тәмамдаған. Іскерлік әкімшілік магистрі. Мемлекеттік қызметте - 2001 жылдан бері істейді. Соңғы қызмет орны - Индустрия және сауда министрлігі Инвестициялар жөніндегі комитетінің тікелей шетелдік инвестициялар басқармасының бастығы,
18:05, 09 Қазан 2009
Индустрия және сауда министрлігінің бұйрығымен Инвестициялар жөніндегі комитет төрағасының орынбасары тағайындалды
АСТАНА. Қазанның 9-ы. ҚазАқпарат - Индустрия және сауда министрі Әсет Исекешевтің бұйрығымен министрліктің Инвестициялар жөніндегі комитеті төрағасының орынбары болып Ардақ Досанов тағайындалды.