АСТАНА. 3 ақпан. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары Бауыржан Байбек ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің ұжымына жаңа Жауапты хатшыны таныстырды.
Бұл қызметке Асқар Әмірин келді.
2011 жылдан бері ол Премьер-Министр орынбасарының құқықтық мәселелер бойынша кеңесшісі қызметінде болды.
2012 жылғы 2 ақпанда Елбасының Өкімімен ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің жауапты хатшысы болып тағайындалды.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.