деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметінен.
ҚР Үкіметінің сәуірдің 1-індегі №270 Қаулысымен Берік Сайлауұлы Камалиев индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі болып тағайындалды. Бұған дейін ол «Сарыарқа» ӘКК» акицонерлік қоғамының басқарма төрағасы болып келген.
Сондай-ақ, ҚР Үкіметінің сәуірдің 1-індегі №274 Қаулысымен Дүйсенбай Нұрбайұлы Тұрғанов индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі болып тағайындалды. Бұған дейін ол энергетика және минералдық ресурстар вице-министрі болған.
ҚР Үкіметінің сәуірдің 1-індегі №275 Қаулысымен Нұрмұхамбет Қанапиұлы Әбдібеков те индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі болып тағайындалды. Ол бұған дейін Индустрия және сауда министрлігінің Өнеркәсіп комитеті төрағасы қызметін атқарған.
Ал бұған дейін индустрия және сауда вице-министрі болған Тимур Мекешұлы Жақсылықов Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Инвестициялар жөніндегі комитетінің төрағасы болып тағайындалды.
Ал Ерхан Серікұлы Исқалиев пен Нұрбек Тұрарбекұлы Раев басқа жұмысқа ауысуларына байланысты индустрия және сауда вице-министрі қызметтерінен босатылды, делінген хабарламада.