Бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметтің алдына осындай міндет қойды.
Президент республиканың әбір тұрғыны еліміздің кең ауқымды инсдустрияландыру шараларына қатысуларына мүмкіндік жасау қажеттігін атап көрсетті. «Кезінде мен дағдарысқа қарсы күрес бағдарламасы әрбір қазақстандықты қамту қажеттігін ескерткенмін. Бұл міндет сәтімен жүзеге асты. Осы тәжірибені пайдалана отырып, қазір индустриялизациялау шарасын шын мәнінде жалпыхалықтық сипат алатындай жағдайға жеткізу қажет», - деді Мемлекет басшысы.
Сондай-ақ Президент елімізде еңбек нарығының тиімділігін арттыру қажеттігін ескертті. «Еңбек нарығының тиімділігін арттыру қажет. Өйткені жаңа экономика жаңа білікті мамандарды қажет етіп отыр. Жаңа кәсіпорындарды жаңа мамандар жұмыс істеулері керек. Өзін-өзі жұмыспен қамтушылар біздің экономикамыздың үлкен резерві. Біз жаңа кәсіпорындарды қазақстандықтар жұмыс істесін деп құрып отырмыз. Сондықтан қазақстандықтар осыған дайын болулары тиіс», - деді Н. Назарбаев.