85 мың тұрақты жұмыс орны құрылды. Оның ішінде 800 млрд. теңгенің 120 жобасы іске қосылып, 10 мың жұмыс орны ашылды.
2010-2014 жылдары және 2015 жылдың 9 айында іске қосылған жобалар аясында 5,2 трлн. теңгенің өнімі өндірілді. Оның ішінде 2015 жылдың 9 айында 1 трлн. теңгенің өнімі немесе жалпы өнеркәсіп өндірісінің 10,2% шығарылды.
Сонымен бірге, 2015 жылдың 9 айында индустриаландыру картасы аясында іске қосылған жобалардың жалпы өңдеуші өнеркәсіптегі үлесі - 14,8% (бір жылда 2,8 пайыздық пунктке өсті).
Бірқатар өңірлерде Индустриаландыру картасы жобаларының үлесі едәуір: Маңғыстау облысында - 51%, Ақмола облысында - 39%, Астана қаласында - 35%, Қостанай облысында - 27%, Павлодар облысында - 26%.
Индустриаландыру картасы жобаларының металлургия саласы өндірісіндегі үлесі - 22%, химия өнеркәсібінде - 30%, құрылыс индустриясында - 33%, фармацевтикада - 38%.
ІЖӨ өсімінің бестен бір бөлігі 2015 жылдың 9 айындағы Индустриаландыру картасы жобаларының есебінен болды.