«Үш бұлақ-2005» ЖШС құс фабрикасының атқарушы директоры Диас Испановтың айтуынша кәсіпорын Астана қаласын азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін облыс аумағында қолға алынған маңызды инвестициялық жобалардың бірегейі болып отыр.
«2014 жылы іске қосылған құс фабрикасының жобалық қуатты 450 мың тауыққа арналған. Сондай-ақ, тәулігіне 300 мың жұмыртқа өндіруге мүмкіндік береді. Өндіріс жыл өткен сайын қарқынын арттырып келеді. Қазірдің өзінде кәсіпорын тәулігіне 130 мың дана жұмыртқа өндіруде. Осының арқасында, еңбек өнімділігі де арта түсті. Іріктелген дайын өнімді картон қораптарға салып, арнайы мұздатқыштар орнатылған сақтау бөлмелеріне жөнелтеміз. Одан соң, Астана қаласы мен еліміздің өзге өңірлеріндегі және аудандардағы сауда орындарына шығарылады. Бұл бізге жылына 90 миллион дана жұмыртқа өндіруге әрі 200 адамды тұрақты жұмыспен қамтуға мүмкіндік бермек. Биылғы жылдың 10 айында 31,1 миллион дана жұмыртқа өндірілді», - дейді Диас Испанов.