«2014 жылы қалада 19 мың жұмыс орны ашылған болатын. Олардың 13 мың шағын және орта бизнеске тиесілі. Индустрияландыру картасы аясында Астанада барлығы 167,8 млрд. теңгеге 22 жоба іске асырылса, 2015 жылы 6 жаңа өндірістік кәсіпорын ашылмақ. Соның нәтижесінде елордамызда жаңадан 2 мың жұмыс орны құрылады», - деп атап өтті қала әкімі.
Ә. Жақсыбековтің айтуынша, «Бизнестің жол картасы - 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында елордада 8 мың жұмыс орнын сақтап, оған қоса 4 мың жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік туған.