Индустрияландыру картасы аясында іске қосылған жобалардың СҚО экономикасына үлесі 22 млрд.теңгені құрады
Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасынан хабарлағандай, СҚО-да Индустрияландыру картасына жалпы құны 40,8 млрд.теңгені құрайтын 30 инвестициялық жоба енеді. Оның аясында құрылыс уақытында 1818, қолданысқа берілгеннен кейін 1839 жұмыс орны құрылады.
Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асырудың 3 жылы ішінде экономикада оң өзгерістер байқалуда.
ҮИИДМБ-дың негізгі көрсеткіші 2008 жылмен салыстырғанда атаулы жалпы өңірлік өнімнің өсімін 2014 жылға қарай 50 пайызға арттыру болып табылады.
Өңірдің ерекшелігін ескеріп, 20 жоба агроөнеркәсіптік кешенде және ауыл шаруашылығында жүзеге асырылуда. Облыс үшін машина құрастыру саласындағы - 3, құрылыс индустриясындағы - 2, тау-кен өнеркәсібіндегі 3 жоба маңызды болып табылады.
Тау-кен металлургиялық саласының дамуына құрамында қалайы бар кендерді қайта өңдеу бойынша тау-кен металлургиялық комбинатын салу, «жасыл экономиканы» дамыту - жел энергетикалық құрылғыларды орнату жобалары ықпал етпек.
3,5 жыл ішінде Индустрияландыру картасы аясында аймақта жалпы құны 25,8 млрд.теңгені құрайтын 26 жоба іске қосылды. Оның ішінде 8,7 млрд.теңгенің 7 жобасы өткен жылы қолданысқа енгізілді.
Индустрияландыру картасы аясында іске қосылған жобалардың Солтүстік Қазақстан экономикасына үлесі үш жыл бес айдың ішінде 22 млрд.теңгені құрады.