Индустрияландыру картасының жобасы аясында екі мың адам жұмыспен қамтылады - СҚО әкімі

АСТАНА. 6 желтоқсан. ҚазАқпарат - Индустрияландыру картасы аясында өңірде 41,5 миллиард теңгенің 30 жобасы жүзеге асырылуда.

Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Самат Ескендіров мәлім етті.

Оның сөзіне қарағанда, Индустрияландыру картасындағы жобалар шеңберінде екі мыңға жуық адам жұмыспен қамтылады.

«Бүгінде 26 миллиард теңгенің 26 жобасы іске қосылып, 800 мың жаңа жұмыс орындары құрылды»,- деді ол.

Облыста Орталық Азиядағы ең ірі сүт өнімдері зауыты салынды. Оның өнімінің 70 пайызы экспортқа негізделген.