Индустрияландыру - жалпы Үкіметтің және барлық әкімдердің жұмысы - ҚР Президенті Н. Назарбаев

None
АСТАНА. 11 қазан. ҚазАқпарат - Индустрияландыру - жалпы Үкіметтің және барлық әкімдердің жұмысы, деп ескерту жасады Елбасы Ақордада өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

«Жоғары нәтижелі, инновациялық кәсіпорындар салу керек. Міне, осы бағыт бойынша Үкімет жұмыла жұмыс істеу керек. Біреулер индустрияландыру Исекешовтың ғана жұмысы деп ойлап қалды-ау деймін. Жоқ, бұл жалпы Үкіметтің және ауыл әкімдерімен қоса барлық әкімдердің жұмысы. Жылдың ортасында қорытынды жасауды талап етуде қойып едім, бірден белсенділіктерің бәсеңдеп қалды. Естеріңде болсын - талап қатаң болады!», - деді Мемлекет басшысы.

Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешевтің баяндамасын тыңдағаннан кейін, мемлекет басшысы ҮИИД мемлекеттік бағдарламасының арқасында бір жұмысшыға шаққанда өңдеуші өндірістің еңбек өнімділігі 62 мың АҚШ долларына жеткенін атап өтті. Жалпы Қазақстан экономикасы бойынша бұл көрсеткіш 15 мың долларды құрайды.