«Өндірісті солғын тарттыратын салалардан бас тарта отырып, ағымдағы индустриалды саясатты оңтайландыру қажет. Біз 4 жыл индустриалды бағдарламаны жүзеге асырудамыз. Жүздеген жаңа кәсіпорындар іске қосудамыз. 1,5 миллоннан астам жаңа жұмыс орындары құрылды. Бірақ Қазақстанда не салып, нені дамытуымыз керек? Бір мезгіл тоқтап, соны қарауымыз қажет», - деді Н.Назарбаев.
Осы орайда Мемлекет басшысы басымдықты салаларды шектеп, жоғары технологиялық салаға бағдарлану маңызды екендігін баса айтты.
«Бұл, мәселен, таза энергетика, робототехника, нанотехнология, аэроғарыш өнеркәсібі, гендік инженерия. Жалпы айтқанда, үшінші индустриалды революцияға көшу барысында барлық дамыған мемлекеттер айналысып отырған салалар», - деді Елбасы.