Оның сөзіне қарағанда, «Бәйтерек» холдингі мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыруда негізгі қаржы агенті ретінде айқындалған. Өз кезегінде холдинг екінші бесжылдықтың қаржылық көлемін өткен жылдың күзінде нақтылап қойған.
«Сол уақытта ҮИИД мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруды жалпы бағалау алдағы бесжылдыққа 7 трлн. теңге деңгейінде белгіленген еді. Бүгін түрлі талқылаулардан кейінгі стратегияда қаржылық ресурстың қажетті деңгейі шамамен 6,6 трлн. теңге көлемінде белгіленді», - деді басқарма төрағасы.
Оның атап өтуінше, бұл қаржының барлығы бірдей мемлекеттік бюджеттен алынбайды. «Мемлекеттік қолдауға берілген бір теңгемен мемлекеттік инвестицияның арқасында біз 3-3,3 теңге деңгейінде жеке, сонымен бірге шетелдік қаржы тарта аламыз деп ойлаймын», деді Қ.Бишімбаев.