Индустриялық-инновациялық бағдарлама ауыл-аймақта да жүзеге аспақшы - БҚО
онда аудан әкімі, аудандық филиал төрағасы Өтеміс Мырзағалиев атқарылған жұмыстар жөнінде есеп берді.Есепті екі жыл ішінде 12 бастауыш партия ұйымына біріккен 1282 мүшесі бар аудандық ұйым Елбасы Жолдауларын, мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру жолында тынбай еңбектеніп келеді.
Елбасы Н.Назарбаев жемқорлық мемлекеттің, қоғамның дамуына тежеу болатын, болашағына кесерін тигізетін індет екенін айтып, онымен күрес партия жұмысының басты бағыты екендігін атап көрсеткен еді. Сол себепті аудандық партия филиалы Президенттің «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресінің 2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» басшылыққа алып, қоғамға қатері көп, келеңсіз жағдайларды болдырмау бағытында біраз жұмыс атқарды.
Партияның кезектен тыс ХІІ съезінде алға қойылған міндеттерінің бірі АӨК және ауылшарушылығы өнімдерін өңдеу болатын. Соған сәйкес ауданның ауыл шаруашылығы саласының тұрақты дамуына жағдай жасау және қолдау, тұрғындардың өсімдік және мал шаруашылығы өнімдерімен өзін-өзі қамтамасыз ету, мал тұқымын асылдандыру мақсаты белгіленді. Тауар өндірушілерге несиелер, үкімет тарапынан берілетін дотациялар мен субсидияларды алу үшін тұрақты көмектер ұйымдастырылды.
Аудан басшысы өз сөзінде өңірдің ауыл шаруашылығы саласында индустриялық-инновациялық бағдарлама енгізілетінін айтты. Бұл бағыттағы жұмыс астық өндіруде алдыңғы қатардағы, ғылыми негіздегі технологияларды енгізу, минералдық тыңайтқыштар мен гербицидтерді қолдану, егістік жерлерде тұқым себудің ауыспалы жүйесін пайдалану бойынша жүзеге аспақшы. Оның алғашқы нәтижелері де бар. Атап айтқанда, «Луч» серіктестігінің директоры Дүйсекеш Мүсенов егін, мал шаруашылықтарымен айналысып қана қоймай, жылыжай салуға несие алып, оны іске қосып, күні бүгін көкөніспен ауыл тұрғындарын қамтамасыз етуде. Осындай бағытта жұмыс атқарған «Тасқала дән» ЖШС директоры Әлібек Сәрсенбаев республикалық «Парыз-2010» байқауында жүлделі ІІ орынға ие болып, Елбасының атынан арнайы дипломмен марапатталды. Ол еліміздің Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында өзі еңбек ететін ұжымымен бірнеше түп жеміс ағаштарын отырғызып, басқа шаруа қожалықтарына үлгі көрсетті.
Жиын барысында сөз алған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Аманжан Жамалов 2020 жылға дейінгі партияның жаңа бағдарламасы туралы айтып өтті. Осы бағдарлама арқылы қазақстандықтарды әлеуметтік тұрғыдан қамтамасыз етудің көп деңгейлік жүйесі жетілмекші. Атламшы құжаттың басты бағыты - экономиканы жаңғырту арқылы орнықты дамуға қол жеткізу. Яғни экономиканы әртараптандырып, шикізаттық емес басым салаларды дамытып, елді жедел индустрияландыру. Ал «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Кенжебай Нығмет партияның Тасқала аудандық филиалының атқарған жұмыстарына жоғары баға берді.