деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы Жолдауында айтылған мақсат-міндеттерді орындау және Индустриялық-инновациялық бағдарламасының сапалы жүзеге асырылуын қамтамасыз ету мақсатында өтіп жатқан кеңеске бағдарламаның негізгі үйлестірушілері - құзіретті мемлекеттік органдар, облыс әкімдерінің орынбасарлары, қоғамдық ұйымдар мен жауапты құрылымдардың өкілдері қатысуда.
Айта кетейік, 2010-2014 жылдарға арналған Қазақстанның үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын іске асыру жұмысында өңірлік құрылымдарға негізгі басымдық беріліп отыр. Осыған орай олардың қызметі еңбек өнімділігін арттыру, тартылған инвестициялардың көлемі, шикізатты емес экспортты ұлғайту, инновациялық әлеуетті өсіру және жаңа жұмыс орындарын ашу бойынша бағаланатын болады.