«Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» заң жобасы таныстырылады

қыркүйек. ҚазАқпарат - Дүйсенбі, 12 қыркүйек күні, Мәжілісте «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» заң жобасының таныстырылымы өтеді, деп хабарлайды ҚР Парламентінің баспасөз қызметі. Сонымен қатар аталған заң жобасына сәйкес бірқатар заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейтін заң жобасы да таныстырылады.

Заң жобалары туралы депутаттар алдында ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің орынбасары Альберт Раудың баяндама жасайтыны қарастырылуда.

Бұл шараны Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитеті ұйымдастырып отыр.

Заң жобасы бойынша құрылған жұмыс тобына Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі Мейрам Пішембаев жетекшілік жасайды.