ҚР Статитика агенттігінің ресми деректері бойынша тамызда тұтыну бағаларының индексі 100 пайыз болды. Өткен жылдың сәйкес кезеңінде бұл 100,2 пайызды құраған еді. Ұлттық банк төрағасы Григорий Марченконың айтуынша, қаңтар-тамыз айларының қорытындысы бойынша инфляция 4,6 пайыз. Былтыр ол 4,3 пайыз болған. Инфляцияның жылдық көрсеткіші соңғы 1,5 жылғы деңгейде тұр. Тамызда азық-түлік тауарларының бағасы - 5,8 пайыз, азық-түлікке жатпайтын тауарлар - 5,7 пайыз, ақылы қызмет - 8,3 пайызға өсті. 2009 жылдың сәйкес кезеңінде ол азық-түлік тауарларында - 3 пайыз, азық-түлікке жатпайтын тауарларда - 8,6 пайыз, ақылы қызмет көрсетуде - 8,4 пайызды құраған болатын.
13:34, 15 Қыркүйек 2010
Инфляция деңгейі тұрақты - Ұлттық банк төрағасы
АЛМАТЫ. Қыркүйектің 15-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Елдегі макроэкономиакалық көрсеткіштер өзгерген жоқ, ахуал тұрақты. Оны Ұлттық банк төрағасы бүгін Алматыда өткізген баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.