Инфляция деңгейін Ұлттық банк жоспарлаған деңгейде сақталып тұр - Қ.Келімбетов

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жылдық өлшемде қыркүйекте инфляция деңгейі 7,4 пайыз болды. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Қайрат Келімбетов мәлім етті.

«Өздеріңіз білесіздер, қыркүйекте инфляция 0,5 пайызды құрады. Қаңтар-қыркүйек аралығында инфляция 5,9 пайызға жетті. Осы орайда жылдық өлшемде қыркүйекте оның деңгейі 7,4 пайыз болды. Бұл өз кезегінде ол Үкімет пен Ұлттық банк тарапынан жоспарланған 6-8 пайыз диапазонында тұр», - деді Қ.Келімбетов.