Инфляция өсімі Еуропада тауарлардың қымбаттауына ықпал етуі мүмкін

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – Биылғы жылдың қазан айында еуроаймақтағы инфляция 13 жылдық максимумға жетті. Бұл көбіне энергия тасымалдаушылары бағасының өсімімен байланысты болып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Еуропалық Eurostat статистика агенттігінің алдын ала мәліметтері бойынша, 2021 жылдың қазан айында ЕО-дағы жалпы инфляция 4,1%-ды құраған. Бұл – 2008 жылдың шілде айынан бері мамандар болжаған 3,7 пайыз көлемінде тіркелген ең жоғары көрсеткіш. 2021 жылдың қыркүйегінде инфляция көрсеткіші 3,4%-ды құраған еді.

Байқаушылардың көбі инфляция өсімін энергия тасымалдаушылары бағасының өсімімен байланыстырып отыр. Eurostat-та инфляция бойынша мәліметтердің энергетикалық құрамдасы жылдық есепте 23 пайызға өскенін атап өтуде.

Бұл ретте сарапшылар еуроаймақтағы инфляцияның жалпы деңгейі мен базалық инфляция алдағы екі айда әлі де өсетінін қосып өтті.

Инфляция – Еуропалық орталық банк бақылап отырған басты көрсеткіш. Қыркүйек айында ол тұтынушы бағаларының өсіміне байланысты облигацияларды азайтып алатынын жариялады.


Арнұр Рахымбеков