Инфляциялық таргеттеу Қазақстанда инвестициялау үшін қосымша серпін береді - А. Айдаров

АСТАНА. ҚазАқпарат - Инфляциялық таргеттеу Қазақстанда инвестициялау үшін қосымша серпін береді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында «KAZNEX INVEST» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Алмас Айдаров мәлім етті.

«Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар барша әлемде инвестициялар тартудың белсенділігі төмендеуде, капитал нарығы қысқаруда. Біздің еліміз де бұндай қысқарулар байқалуда. Дегенмен девальвациялық тәуекелдер былтырғы жылы өтіп кетті деп үміттенеміз. Атап айтқанда, биыл жағдай айтарлықтай болжауға келеді деген пікір бар»,-деді А. Айдаров.

Осы орайда ол бұл жағдайдағы оңтайлы нәтижелерге тоқталды.

«Арнайы экономикалық аймақтар бойынша жобалардың бір бөлігі қымбаттауы мүмкін және бұны инвесторлар түсініп отыр. Алайда, осы жағдайдың оңтайлы тұстары да бар. Енді өздерінің жобаларын шетел валютасында есептеп, қаржылық модельдерін құрған инвесторлар үшін Қазақстандағы жобалардың өзіндік құны керісінше төмендейді. Бұл өз кезегінде Қазақстанда инвестициялауға қосымша серпін береді»,-деді А. Айдаров.