Президент Қазақстандағы инфляцияның монетарлық сипаты да бар екенін ерекше атап өтті,
«Сондықтан Ұлттық банк инфляция мәселелерін шешуге толық қатысуы керек. Инфляцияны бақылау міндеті Ұлттық банк пен Үкіметтің басты басымдығы саналады. Осы орайда жақсы үйлестірілген және кәсіби деңгейде жоспарланған жұмысты күтемін», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген кеңесінде Үкіметтің инфляцияны тежеудегі жұмысын сынады.
Үкімет басшысы Әлихан Смайылов биыл инфляцияны 2 есеге дейін төмендету міндеті тұрғанын айтты.