Инфляцияны бақылауды күшейту қажет – Ұлттық экономика министрі

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов орталық және жергілікті атқарушы органдар қандай мәселелерге назар аудару керектігін атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жалпы осы жылдың 7айының қорытындысы бойынша көптеген көрсеткіштердің оң серпіннің сақталғаныбайқалады. Ағымдағы үрдістерді ескере отырып, үшінші тоқсанда орталық жәнежергілікті атқарушы органдарға мынадай аспектілерге баса назар аудару қажет:негізгі экономикалық көрсеткіштердің өсуін қамтамасыз ету, инвестициялықжобаларды бақылауды қамтамасыз ету, құрылыс және ауыл шаруашылығы жұмыстарыныңмаусымын барынша пысықтау және инфляцияны бақылауды күшейту», - деді РусланДәленов Үкімет отырысында.

Айта кетсек, бұданбұрын Руслан Дәленов Қазақстанда жыл басынан бері ЖІӨ өсімі 4,2 пайызды көрсеткенін мәлім еткен болатын. Оның айтуынша, серпін өнеркәсіптегі,құрылыстағы және көрсетілетін қызметтер саласындағы жеделдеумен, сондай-ақ ауылшаруашылығы мен негізгі капиталға салынған инвестициялардың тұрақты қарқыныменқамтамасыз етіліп отыр.

Соңғы жаңалықтар