Инфляцияны белгіленген межеде ұстап тұру үшін инфляциялық үдерістерді реттеуге арналған шараларды жоспарлау тәжірибесін қайта бастау қажет - Ж.Айтжанова

әуірдің 20-ы. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Инфляция деңгейін биылғы жылға жоспарланған 6 мен 8 пайыз аралығында ұстап тұру үшін үкімет тарапынан инфляциялық үдерістерді реттеуге арналған шараларды жоспарлау тәжірибесін қайта бастау қажет.

Бұл - биылғы жылдың 2-ші тоқсанындағы елдегі тұрақты экономикалық дамуды қамтамасыз ететін шаралардың маңызды бөлігі. Бүгін биылғы жылдың бірінші тоқсанындағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларына арналған үкімет отырысында Экономикалық даму және сауда министрі Жанар Айтжанова осылай айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның мәліметтеріне қарағанда, ағымдағы жылдың 1-ші тоқсанында инфляция деңгейі өткен жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда 2,9 пайызды құраған. «Бұл көрсеткіш табиғи монополия субъектілері қызметтеріне деген тарифтердің өсуі есебінен, маусымдық факторлар мен сыртқы конъюнктураның ықпалы есебінен орын алды. Осыған орай қазір Ауыл шаруашылығы министрлігі мен жергілікті атқарушы органдар азық-түлік өнімдеріне деген бағаның өсіп отырғандығын ескере отырып, жағдайды қатаң бақылағандары дұрыс», деді министр.