деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ҚР Статистика агенттігінің ресми деректері бойынша қазан айында инфляцияның деңгейі 1,4 пайыз болды. Өткен жылдың сәйкес кезеңінде ол 0,6 пайызды құраған болатын. Төртінші тоқсанның алғашқы айында азық-түлік тауарларының бағасы өзгерген жоқ. Ал азық-түлікке жатпайтын тауарлар 0,4 пайыз, ақылы қызмет 0,9 пайызға өсті. Григорий Александровичтің айтуынша, қыркүйектің қорытындылары бойынша инфляцияның жылдық көрсеткіші елде 5,8 пайыз болды. Бұл 2003 жылғы қыркүйектен кейінгі ең төменгі деңгей болып табылады. Орталық банктердің болжамы бойынша ТМД елдерінде қыркүйекте өткен жылдың дәл осы мерзіммен салыстрығанда инфляция көрсеткіші Қазақстанда - 6, Әзірбайжанда -1,3; Арменияда -3,7; Беларусте - 11,7; Грузияда - 0,4; Қырғызстанда - 2,1: Ресейде - 10,7; Тәжікстанда - 5; Украинада - 15 пайыз болды.