Инфляцияның көрсеткіші өткен айда 0,8 пайызды құрады

АЛМАТЫ. Сәуірдің 14-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Статистика агенттігінің ресми деректеріне қарағанда наурыз айында елдегі инфляцияның деңгейі 0,8 пайызды құрады. Бұл ҚР Ұлттық банкі төрағасының бүгін Алматыда өткізген баспасөз мәслихатында айтылды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат. Инфляцияның көрсеткіші өткен жылы көктемнің алғашқы айында 0,6 пайыз деңгейінде болған. Биыл баға азық түлік тауарларында 0,6 пайыз (2008 жылдың наурызында 0,9 пайыз), азық-түлікке жатпайтын тауарларда 1,5 пайыз (0,3 пайыз), ақылы қызметте 0,5 пайызға (0,4) өсті. Азық-түлік тауарларының ішінде ең жоғарғы өсім қант (4,4 пайыз) пен алкоголсіз сусындарда (3,8 пайыз) тіркелді. Азық-түлікке жатпайтын тауарларда бұл жуғыш заттарда (8,6 пайыз), гигиеналық заттарда (6,3 пайыз) және медициналық преператтарда (3,1 пайыз) болды. Ал ақылы қызметте темір жол көлігі (6,8 пайыз) мен пошта қызметінде (4,2 пайыз) орын алды.