- Инфляция өткен жылғы қыркүйектегі ең жоғарғы көрсеткіш 12,9 %-дан 10,2%-ға дейін төмендеді. Инфляция соңғы 10 ай қатарынан төмендеу үрдісін көрсетіп келеді. Оған әсер етіп отырған факторлар: ұстамды қатаң ақша-кредит саясаты, айырбас бағамының күшеюі, тұтынушылық кредиттерді қалыпқа келтіру және Үкімет пен Ұлттық банктің үйлескен инфляцияға қарсы шаралар кешені. Дегенмен инфляция әлі де жоғары, сыртқы және ішкі проинфляциялық тәуекелдер сақталып отыр. Инфляцияны ары қарай тұрақтандыру үшін мынадай шаралар қабылданып жатыр: теңгедегі активтердің тартымдылығын арттыру және артық сұранысты баяулату үшін қалыпты қатаң ақша-кредит саясаты жүргізіліп жатыр. Ақша-кредит саласын реттеу бойынша алтын сатып алу операцияларын теңестіру үшін қосымша шаралар қабылданып жатыр. 7 ай ішінде 2,4 трлн теңге алынды, ал жылдың аяғына дейін толығымен шамамен 4,1 трлн теңге алынатын болады, - деді Т.Сүлейменов.
Оның айтуынша, минималды резервтік талаптар кезең-кезеңмен артып келеді. Бұл шамамен 4 трлн теңгені үнемдеуге, ақша-кредит саясаты құралдарының шығысын азайтуға және ақша базасын төмендетуге мүмкіндік береді. Қаржылық реттеу агенттігімен бірлесіп қабылданған шаралар нәтижесінде халықты кредиттеуді қалыпқа келтіріп, бизнеске кредит беруге күш жұмсалып жатыр.
- Үкіметтің, Ұлттық банктің және Қаржылық реттеу агенттігінің макроэкономикалық тұрақтандыру және халықтың әл-ауқатын арттыру жөніндегі 2026-2029 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл бағдарламасы, сондай-ақ 2026-2028 жылдарға арналған инфляцияны бақылау және төмендету жөніндегі шаралар кешені іске асырылып жатыр. Екіншіден, сауда теңгерімі ескерілген. Сауда теңгерімі болжамды кезеңде профицит аймағында сақталады деп қарастырылған, - деді ҰБ басшысы.
Ұлттық банк мәліметіне қарағанда, 2027-2029 жылдары Ұлттық қордан алынатын қаражат көлемі 5 трлн теңгеге ұлғайтылды. Үкіметтің жоспарына сәйкес, қаражат әлеуметтік, коммуналдық, энергетикалық және көлік инфрақұрылымы объектілерін қаржыландыруға бағытталады.
Бұған дейін елде инфляция қарқынының төмендеуі байқалғанын жазған едік.