«Базалық мөлшерлемемен барынша абайлап ілгерілейміз. Иә, инфляция төмендеп келеді. Бірақ, бұл көп жағдайда өткен жылы базалық мөлшерлеменің тым жоғары болуымен байланысты. Өз-өзімізді алдаумен айналыспайтындығымыз анық. Экономикамызды дамытудың барлық экономикалық, әлеуметтік, қаржылық және басқа да көрсеткіштерін қарастыратын боламыз», - деді Тимур Сүлейменов Ұлттық банкте өткен брифингте агенттік тілшісінің сауалына орай.
Осы орайда Ұлттық банк төрағасы инфляциямен күрестегі бірінші құрал базалық мөлшерлеме болатындығын баса айтты.
«Екіншісі – бұл Үкіметтегі және жергілікті атқарушы органдардағы әріптестеріміз жүргізіп жатқан жұмыс. Бұл ретте тауарлардың жекелеген тобы бойынша нақты шешімдер қажет», - деді ол.
Бұған дейін ведомство басшысы еліміздегі инфляцияның ырыққа көну белгісін атаған еді.