- Қараша айының қорытындысы бойынша Ұлттық банктің іскерлік белсенділік индексі ұлғайып, 51,6 тармақты құрады. Көрсеткіш 10 ай қатарынан оң аймақта қалып отыр. Қызметтер бойынша индекс - 51,5, өндіріс бойынша 53,1 тармақты құрады. Қарашада бизнес климат индексі ұлғайып, оң көрсеткіште қалыптасты. Қазіргі және болашақ бизнес шарттары оң бағаланып отыр, - деді ҰБ төрағасы.
Оның атап өтуінше, қарашаның қорытындысы бойынша жылдық инфляция 8,4 пайыз деңгейінде қалыптасты.
- Инфляцияның баяулауына азық-түлік тауарларының дезинфляциясы ықпал етіп жатыр. Алайда соңғы айда оның 5,4 пайызға дейін жеделдеуі тіркелді. Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының өсуі аз ғана баяулап, 8 пайызды құрады. Ақылы қызметтер инфляциясы «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасының жүргізілуіне және бірқатар нарықтық қызметтердің қымбаттауына байланысты ең үлкен өсу көрсетуде – 13,3 пайыз. Қарашада айлық инфляция өткен айдағы деңгейде сақталды. Ол 0,9 пайызды құрап, орташа тарихи мәннен жоғары қалыптасты, - деді Тимур Сүлейменов.