Оған мемлекеттік және мемлекеттік емес құрылымдардың өкілдері, қоғам қайраткерлері, экономика, саяси зерттеу салаларындағы, мемлекеттік басқармалардың мамандары қатысты.
Сауалнамаға қатысушы сарапшылардың 97% қазақстандық экономикаға инвестиция тарту үшін 2015-2017 жылдары аралығында жыл сайын Ұлттық қордан 3 млрд. доллар көлемінде қаржы бөлу туралы шешімді қолдайды. Сонымен қатар, сарапшылар «Нұрлы жол» саясаты елдің экономикалық өсімінің қозғалтқышына айналып, елдің жаңа сапалы көліктік инфрақұрылымын құрады, әлеуметтік бағдарламаларды ары қарай жүзеге асыруға мүмкіндік береді, тұрғындар табысының төмендеуіне жол бермейді, жаңа жұмыс орындарының ашылуын қамтамасыз етеді, әлеуметтік инфрақұрылымды жақсартады, инвестициялық белсенділікті арттырады деп есептейді.