Министрдің айтуынша, бюджет шығыстарының ішінде Үкіметтік арнайы резервтерді қайта бөлу есебінен 63 млрд теңгені «Жұмыспен қамту жол картасында» өзектендірілген шараларды қаржыландыруға көзделеді.
«Қаражат негізінен инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру есебінен жұмыспен қамтамасыз етуге, микрокредиттер бөлуге, еңбек жастары үшін жатақхана салуға, сонымен бірге, жұмыс орындарын сақтау мен оқытуға байланысты шараларға жұмсалмақ. Жалпы алғанда инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру шеңберінде 13 мыңнан астам жұмыс орындарын құра отырып, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына шамамен 60 мың адамды қамту жоспараланды», - деді Б. Сұлтанов.