Ингушетия басшысы Рамазан айында алкогольді ішімдіктердің сатылымына тыйым салды

Фото: None
АСТАНА. 9 шілде. ҚазАқпарат - Ингушетия президенті міндетін уақытша атқарушы Юнус-Бек Евкуров Рамазан айына арналған жаңа қаулыны қабылдады.

2013 жылдың 8 шілдесінен бастап Рамазан айында елде алкогольді ішімдіктердің сатылымына тыйым салынды. Сонымен қатар, жұмыс берушілерге жұмыс істеу уақытын бір сағатқа азайту тапсырма берілді. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ресми сайты muftyat.kz хабарлап отыр.

Ю.Евкуров қабылданған жаңа қаулыға сәйкес, қасиетті Рамазан айында алкогольдің саудасымен қатар, қоғамдық орындарда ішімдік ішіп, шылым шегуге де тыйым салынды. Қаулыда «азық-түлік өнімдері сатылатын мекемелер, дүкендер қасиетті ай бойы күнде 23:00-ге дейін жұмыс істеу қажет», деп атап өтілген. «Жұмыс істеу уақытының бір сағатқа қысқаруы мемлекеттің заңына қайшы келмейді, себебі, елімізде тұрғындарының дені қасиетті Рамазан айында ораза тұтып, түс кезінде жұмысын атқарады»,-делінген Ингушетия президентінің баспасөз қызметі басшысының хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар