Ингушетия президенті Евкуровтың беті бері қарап келеді
17:39, 01 Шілде 2009
МӘСКЕУ. Шілденің 1-і. ҚазАқпарат - Ингушетияның Мәскеудегі өкілетті өкілі хабарлағанындай, Ингушетия президенті Юнус-Бек Евкуровтың хал-жағдайында оң өзгеріс барысы байқалады. Қазіргі уақытта президент Вишневский атындағы хирургия институтында жатыр,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру сайтына сілтеме жасап.
Евкуров Ингушетияда маусымның 22-сінде қатты жарақат алған болатын. Президент кортежіне ішіне қопарғыш зат толтырылған машина келіп соқтығысқан еді.