Ингушетия тұрғыны күркетауыққа «ағайындарша» құшақтасуды үйретті

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - YouTube арнасында орналастырылған видеода Ингушетияда үй құсының өз иесін құшақтап тұрған сәті көрсетілген, деп жазады Life.

«Ал кәне кеттік, құшақтасамыз, құшақтасамыз, құшақтасамыз. Енді, әрірек тұрып, маған қарай жүгіріп кел», - дейді асырандысына ер адам.

Сол кезде үй құсы иесінің құшағына қарай ұмтыла жүгіреді.

Лайф-тың ақпаратынша, ер адам бұл құшақты «ағайындарша» деп атайды. Ал құс болса, иесіне деген үлкен сезімі мен адалдығын онымен кездескен сайын танытады.