Ингушетияда инкассаторлардан 40 миллион рубль ұрланды
19:00, 30 Желтоқсан 2009
АСТАНА. Желтоқсанның 29-ы. ҚазАқпарат - Ингушетияда инкассаторларға шабуыл жасалды. «Эсит Банкке» әкетіп бара жатқан 40 миллион рубль қолды болды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру сайтына сілтеме жасап.
Осы банктің басқарушысы жарақаттанды. Алдын ала деректер бойынша шабуыл жасаған бесеу бет-перде киіп алған және «ВАЗ» автомәшинесімен қашып кеткен. Қылмыскерлерді іздеу жүргізілуде.