Ингушетияның экс-президенті ҚХА-ның достық елшісі болды

Фото: None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ингушетия Республикасының бұрынғы президенті Руслан Аушев ҚХА-ның достық елшісі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мен түрлі лауазымдарды атқардым, оның ішінде түрлі дәрежелердегі командир қызметінде болдым. Кеше мені өте жауапты қызметке тағайындады, яғни ҚХА достық елшісі құрметті қызметі берілді. Қазақстан таяу және алыс шетелдердің басшыларына арнап үнемі бейбітшілікті ұрандатып келеді», - деді ол Астанадағы ҚХА сессиясында.

 Осы орайда, Р. Аушев осындай ұрандарды халықтар достығы мен өзара сыйластық саясатын жүргізетін қуатты мемлекеттер ғана жасай алатынын атап өтті.

«Бүгінде Қазақстан көрсетіп отырған жетістіктердің барлығы бірінші кезекте Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еңбегі. Менің ойымша, Қазақстанға жер аударылған көптеген ұлт өкілдеріне қазақтардың жасаған жақсылығы үшін Жаратушы ием осы елге қолдау жасап келеді. Олардың алғысымен қатар жүретін дұғалары Қазақстандағы тыныштықтың бұзылмауына өзінің әсерін тигізді. Сондықтан сіздер бекіткен елші ретінде бұл жетістіктерді сақтауға барлық күш-жігерімді саламын. Қазақстан бейбітшіліктің, достықтың әрі толерантылықтың мекені және алдағы уақытта да баршасына осылай үлгі бола береді», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар