08:19, 06 Сәуір 2009
Ингушетияның Ішкі істер министрінің орынбасары жол апатында қаза болды
МӘСКЕУ. Сәуірдің 6-сы. ҚазАқпарат - Ингушетияның Малгобек қаласында жеңіл автокөліктің КамАЗ көлігімен соқтығысуы салдарынан республиканың Ішкі істер министрінің орынбасары милиция полковнигі Руслан Арчаков қаза тапты,
деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК агенттігіне сілтеме жасап. Ресей Федерациясы Прокуратурасының жанындағы Тергеу комитетінің Ингушетия Республикасы бойынша тергеу басқармасынан хабарлағанындай, жол апаты салдарынан сондай-ақ республика Ішкі істер министрлігінің кадрлар басқармасы бастығының орынбасары, милиция майоры Могомед Кухурхаев жараланған. Ол қазір реанимацияда жатыр. Руслан Арчаковтың ұлы мен көлік жүргізушісі де зардап шегіп, ауруханаға түскен. Қазір оқиға орнында тергеушілер жұмыс істеуде.