«Тергеу нұсқасы бойынша, кешкі сегіздер шамасында Томск қаласының Мир даңғылында орналасқан «Лента» гипермаркетінің қызметтік ғимаратында Ресейдің Сбербанкінің екі инкассаторына қарақшылық шабуыл жасалды. 3 млн. 300 мың рубль көлеміндегі ақша қолды болды, ұрылар оқиға орнынан іздерін жасырды», делінген хабарламада.
08:01, 30 Маусым 2014
Инкассаторларға шабуыл жасалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдің Томск қаласындағы сауда орталықтарының бірінде жексенбі күні инкассаторларға қарақшылық шабуыл жасалды, деп хабарлады РФ ІІМ Томск облысы бойынша басқармасы.