Президенттің айтуынша, соңғы жылдары ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың саны артып келеді. Сондықтан бұл мәселеге айрықша назар аудару қажет.
— Үкімет әкімдермен бірлесіп, осы салаға қатысты инфрақұрылымды дамытуға тиіс. Ауқымды құрылысты жүргізу кезінде бұл бағыт назардан тыс қалмауы қажет, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев Халыққа арналған Жолдауында.
Мемлекет басшысы маман тапшылығын азайту және балалардың даму ерекшеліктеріне қатысты диагноздарды ерте жастан анықтау жұмысын жүйелі түрде жүргізу керегін атап өтті.
Сонымен бірге, Президент бұл бағыттағы жұмыстарға «Қазақстан халқына» қоры белсенді атсалысуы керектігін айтты.
Бұған дейін Президент Қазақстанның транзиттік әлеуетін сынға алған еді.
Сондай-ақ Президент орынсыз шығынды болдырмау үшін ЖИ пайдалануды ұсынды.