Бұл туралы оқу орнының Жастар ісі және қоғаммен байланыс жөніндегі бөлімнің бастығы Марина Поух мәлім етті.
Сапалы білім алу және білікті маман атану - әрбір студенттің арманы. Жастарға қамқорлық жасай отырып, Президент Н.Назарбаев өзінің арнайы шәкіртақысын тағайындады. Оны иеленуге жыл сайын мыңдаған оқу озаты үміттенеді. Қазақстан Республикасы Президентінің Арнайы шәкіртақысын тағайындау туралы Ереженің 3 тармағына сәйкес шәкіртақы ЖОО-ның күндізгі бөлімінде үздік оқитын, ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысатын, оқу орнының қоғамдық өміріне белсенді араласатын студентке берілуі тиіс.
«Президенттің арнайы стипендиясына ұсынылған үміркерлерді іріктеу өте мұқият жүргізілді. Әр кафедра ұсынған кандидатуралар факультеттің ғылыми кеңесінде талқыланды. Одан кейін, Ғылыми кеңестің бекіткен тізімі ҚР білім және ғылым министрлігінің конкурстық комиссиясына ұсынылды», - деп атап өтті М.Поух.
Нәтижесінде биыл аталмыш шәкіртақыға Александр Берус (Д-302), Наталья Андреева (Экол-302), Татьяна Калина (ЭЭ-302), Гүлжихан Темірова (ЖирФ 302), Ирина Ходараева (ПиП-302), Әділбек Темірәлин (Ю-302) және Елена Расулова (ГМУ-302) иеленді.