Инновациялық гранттар бойынша 600-ге тарта өтініштер келіп түсті - «Ұлттық инновациялық қор» АҚ

ТАНА. 3 тамыз. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгінгі күні республика өңірлерінен инновациялық бағдарлама шеңберіндегі гранттар бойынша 600-ге тарта өтініш келіп түсті.

Бұл туралы бүгін аталған бағдарлама жөнінде өткен баспасөз мәслихаты барысында «Ұлттық инновациялық қор» АҚ басқарма басшысының орынбасары Әнуарбек Сұлтанғазин мәлім етті.

«Келіп түскен өтініштердің көздейтін жалпы сомасы 50 млрд. теңгеден асады. Бұл ретте осы бағытта 7,3 млрд. теңге бөлінген болатын. Қазіргі күні өтініштер бойынша бастапқы іріктеу жұмыстары жүргізілуде. Шамамен ағымдағы тамыз айының соңына таман біз аталған жобаларды 3 түрлі сараптамаларға жолдайтын боламыз, ол бойынша ең үздіктер таңдап алынады», - деді Ә. Сұлтанғазин.

Сонымен қатар, басқарма басшысының орынбасары журналистер арасында «Өрлеу ақпараты» атты байқау да жарияланғанын мәлім етті. «Бұнда негізінен инновацияға қатысты журналистердің үздік материалдары конкурсқа қатыса алады. Бұл ретте тек «Ұлттық инновациялық қор» қызметі ғана емес, жалпы инновация саласында қандай жаңалықтар туралы жазылған материалдарға ерекше көңіл бөлінеді», - дейді Ә. Сұлтанғазин.