Бұл туралы бүгін Мәжілісте «2010-2014 жылдарға арналған Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын іске асыру барысы» тақырыбында өткен Үкімет сағаты барысында Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев мәлім етті.
Министрдің айтуынша, Ұлттық инновациялық жүйе құрылып, инноваторлар қажет ететін бірқатар қолдау тетіктері іске қосылған болатын. Соның нәтижесінде соңғы жылдары жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың арасында инновациялық-белсенді кәсіпорындардың үлесі 4,3 пайызға дейін өсу үдерісін көрсетті.
«Инновациядағы басты маңызды мәселе - бұл адамдар мен адами капитал. Оның ішінде де жаңаша ойлаушыларға көп үміт артылады. Сол үшін бізге бұл тақырыпты кеңінен қаузап, танымал ете, насихаттай түсуіміз керек. Қоғамның өзі де бұл тақырыпты қажет етіп отыр», - дейді Ә. Исекешев.