Заң жобасының мақсаты «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының (ИТП АЭА) ерекше мәртебесін, «Инновациялық технологиялар паркі» дербес кластерлік қормен шетелдік жұмыс күшін тартудың ерекшеліктерін және ИТП АЭА-ы қатысушыларын тіркеуге және олардың қызметіне қойылатын талаптарды айқындау болып табылады.
Осыған орай, «инновациялық кластер» түсінігі енгізіліп отыр, инновациялық кластерді басқарудың жаңа ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны - «дербес кластерлік қор» көзделген, оның қызметті жүргізген кезде дербестігі, қатысушыларды қолдау үшін қаржылай құралы және рұқсаттарды алмай-ақ шетелдік жұмыскерлерді тарту құқығы бар. Бұдан басқа, ИТП АЭА басқару органдарының фунцияларын орындауға қордың мемлекеттік тапсырма алу мүмкіндігі, эксаумақтылық қағидаты бойынша ИТП АЭА-қатысушыларының қатарына қосу рәсімін жеңілдету мен 2018 жылға дейін эксаумақтылық қағидатын ұзарту жөніндегі нормалармен толықтырылды.
Комитетте сондай-ақ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне «Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы да қаралды. Заң жобасының мақсаты кейбір заңнамалық актілердің ережелерін «Инновациялық технологиялар паркі» инновациялық кластері туралы» Қазақстан Республикасы Заңы жобасының нормаларына сәйкес келтіру болып табылады. Осыған байланысты Азаматтық кодекске, Жер, Бюджет кодекстеріне, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодекске, сондай-ақ «Коммерциялық емес ұйымдар туралы», «Халықты жұмыспен қамту туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы», «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» және «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» заңдарға тиісті түзетулер енгізу көзделеді.
Атап айтқанда, өзгерістер мен толықтырулар: акционерлік қоғамды дербес кластерлік қорға айналдыруға, арнайы экономикалық аймақ басқарушы компаниясының дербес кластерлік қордың жер учаскелерін қайталама пайдалануға (қосалқы жалға) беруге, дербес кластерлік қорға, Қордың функциясын қаржыландыру мүмкіндігін қамтамасыз ету жөніндегі дербес білім беру ұйымдарына мемлекеттік тапсырманы айқындауға, жер қойнауын пайдаланушылардың дербес кластерлік қорға ақша аударуға байланысты шығындарының салықтық шегерімін бекітуге және тағы басқаларға қатысты болып отыр.
Заң жобалары Палатаның қарауына жіберілді.