Өзінің сөзінде Мемлекет басшысы дамудың эволюциялық жолы ғылым және білім беруге аса жоғары талаптар қоятынын айтты. Ғылыми, зерттеушілік және инновациялық салаларда өзара ықпалдастықты жандандыру қажет. Ол үшін Инновациялық ынтымақтастықты дамыту саласындағы іс-қимылдың азиялық бағдарламасын әзірлеген дұрыс. Ол Азиядағы қуатты технологиялық одақтарға негіз қалайды.