Инновациялық жасалымдарды коммерцияландыру көп жағдайда университет пен ғылыми ұйымдардың басшыларына байланысты - Әсет Исекешев

Ы. Сәуірдің 15-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Барлық ғылыми мекемелерде коммерцияландыру кеңселері болу керек.

Бұл бүгін Алматы қаласының І Инновациялық конвентінде сөз болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Инновациялық жасалымдарды коммерцияландыру көп жағдайда университет пен ғылыми ұйымдардың басшыларына байланысты. Мәселен Қазақтың әл-Фараби атындағы ұлттық университеті 16 жобасының қаржыландырылуына қол жеткізді. Оның үшеуі даму институттары есебінен жасалып отыр", дейді Премьер-Министрдің орынбасары, Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев. Әсет Өрентайұлының айтуынша, Германияда инновациялық жасалымдары коммерцияландыратын 190-нан астам трансферлік агенттіктер бар. Сондай-ақ университеттер жанында бірнеше жүздеген басқа да технологиялық ақпарат көздері ашылған. Оған Ұлттық зерттеу орталығын, Франгоуфер институтын, Макс Планка қоғамын мысалға келтіруге болады.