Инсбрукте жасөспірімдер арасындағы І Қысқы Олимпиада ойындарының алауы тұтанды

АСТАНА. 14 қаңтар. ҚазАқпарат - Австрияның Инсбрук қаласында жасөспірімдер арасындағы І Қысқы Олимпиада ойындарының алауы жағылды, деп хабарлайды France 24.

Әсерлі қойылымдармен сүйемелденген салтанатты ашылу рәсімі 15 мың көрерменнің қатысуымен Бергисельдің ашық алаңында өтті.

«Сіздер 70 мың елден бір-бірлеріңізбен жарысу үшін ғана емес, бір-бірлеріңізден үйрену үшін де келдіңіздер», - деді жиналғандарға өзінің құттықтау сөзінде Халықаралық олимпиада комитетінің басшысы Жак Рогге.

Инсбрук Олимпиаданы үшінші рет қабылдап отырған тарихтағы бірінші қала болды. Бұған дейін осындай деңгейдегі жарыстар 1964 және 1976 жылдары өтті. Бұл жолы олимпиада алауын тұтандыру құрметі автриялық тау шаңғышысы, жылдамдықпен түсуден 1964 жылғы олимпиада чемпионы Эгон Циммерманға берілді. 22 қаңтарға дейін жалғасатын жарыстар бағдарламасында жүлделердің 63 жиынтығы ойнатылады, деп хабарлайды РБК.

Жарыстың барлық қатысушылары - 14-тен 18 жасқа дейінгі жастар болғандықтан, ұйымдастырушылар олар үшін бірқатар жағымды сыйлықтар да әзірледі.