«Ресейден фитосанитарлық сертификатсыз Қазақстанға 54 тонна сәбіз, 10 тонна қырыққабат, 40 тонна картоп және қызылша, 20 тонна бидай, 19,5 тонна жеміс, сондай-ақ 2 мың гүл және Ираннан ел нарығына фитосанитарлық сертификаты жоқ 174 тонна алма және 249 тонна кептірілген жеміс кіргізілмек болған», делінген хабарламада.
Өсімдіктер карантині саласындағы заң талаптарына сәйкес аталған өнімдер Қазақстан аумағына тасымалдауға тыйым салынған. Кінәлі тұлғалар ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 400-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
«Бұған дейін АШМ мемлекеттік инспекторлары Ресей Федерациясынан манго өнімдері мен АҚШ-тан миндаль жаңғағын Қазақстанға кіргізбегенін айта кету керек.
Атап айтқанда, Ресейден Қазақстанға фитосанитарлық сертификатсыз 2 тонна күнжіт тұқымы, 20 тоннадан астам грек жаңғағы, құрма және кептірілген манго, 39 тонна картоп, 67 тонна күнбағыс және 58,5 текше метр кесілген ағаш кіргізілмек болған», делінген хабарламада.
Сондай-ақ, жарамсыз фитосанитарлық сертификатпен 2,3 мың тонна арпа алып келу фактісі анықталған.
Жүктің қауіпсіздігін растайтын фитосанитарлық сертификатсыз республиканың мемлекет шекарасына Вьетнамнан 23,4 тонна кофе дәні және АҚШ-тан 86,6 тонна миндаль жаңғағы алып келінген.
Өсімдіктер карантині саласындағы заңнама талаптарына сәйкес аталған өнімдерді Қазақстан Республикасының аумағына кіргізуге тыйым салынған, айыпты тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сонымен қатар, ҚР АШМ мемлекеттік инспекторлары ел аумағына қаптама таңбасы жоқ Өзбекстаннан келген 23 тоннадан астам жеміс, оның ішінде 6 тонна анар және 30 тонна сәбіздің кіруіне тыйым салды.